ШҚО-да ерекше қажеттілігі бар балаларға жағдай жасалуда

306
көрілім

Облыста барлығы 361362 әр түрлі жастағы бала бар. Оның 15021-і ерекше білім жағдайын талап ететіндер, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


300 мыңнан аса баланың 3667-сі яғни 24 пайызы мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер болса, 11354-і, яғни 76 пайызы мектеп жасындағы, ал 4,2 пайызы ерекше балалар.
ШҚО-да 2018-2020 жылдарға арналған инклюзивті білім беру жоспарында бірқатар өсім байқалады. Мәселен 2018 жылы облыстағы мектептердің 59 пайызы, 2019 жылы 70 пайызы бейімделген. Келер жылы бұл көрсеткіш 70 пайызға болжанып отыр.
– Жыл сайын инклюзивті оқыту бойынша ілгерілеу бар. Осы ретте айрықша білім берумен өткен жылы 34 пайыз бала қамтылса, осы жылы 42 пайызды құрады. 2020 жылы 56 пайыз болмақ, – деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.