ШҚО-да еріген су салдарынан елді мекендерге қауіп төніп тұр

197
көрілім
Фотосурет Tengrinews.kz

Су деңгейінің көтерілуіне температураның өзгеруі, жауын-шашынның көп түсуі, кенеттен жылыну, кейін күннің салқындауы себеп, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемен

Облыстың жергілікті атқарушы органдары мен төтенше жағдайлар қызметтері толық әзірлік режиміне көшіп, барлық жерде тұрғын үй секторын ерекше бақылауға алды. Су басу қаупін болдырмау мақсатында алдын алу шараларын жүзеге асыруда.

Ақпан айының 10-ы күні кешкі сағат 19.00-де «ЛК ГЭС компаниясы» ЖШС қаланы үздіксіз сумен қамту мақсатында қысымды камерадан Хариузовка каналына суға бақыланатын ағызуды жүргізді. Өзен арнасының бойында Риддер әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері су қоймасының жағдайын бақылауға алды.

11 ақпанға қараған түні Өскемен қаласының құтқарушылары мен әкімдігі су басу қаупіне жедел ден қойып, Ахмер кентіндегі тұрғын үйден еріген суды басқа жаққа бұрды.

Катонқарағай ауданы

Қатонқарағай ауданы, Алтынбел ауылында еріген қардың салдарынан таудан аққан су 10 тұрғын үйдің ауласына дейін жеткен.

Сондай-ақ, Жұлдыз ауылында су бір үйдің ауласына жайылды. Қолдағы дерекке сәйкес, сол жақта бірнеше техника бірлігі және 40-тан астам адам, әкімдік, шекара басқармасы және полиция қызметінің өкілдері жұмылдырылған.

Зайсан ауданы

Зайсан қаласында қардың көп мөлшерде еруі тіркелген. Жақсылықов көшесінің тұрғындары үйлерді су басу қаупімен бетпе-бет келді. Жергілікті атқарушы орган мен құтқарушылар су ағынын бұру үшін тиісті жұмыстар атқарды.

Ұлан ауданы

Сондай-ақ, Ұлан ауданында әкімдік пен төтенше жағдай бөлімінің құтқарушылары қардың еруіне байланысты бөгеттің жай-күйін ерекше бақылауға алды. Қазір үйлерді су басу қаупі туралы хабарламалар жоқ, жағдай үнемі бақылауда.