6 маусым күні облыста, әсіресе Өскемен қаласында қолайсыз ауа райы болжанып отыр. Қатты жауған жаңбырдан өзен-көлдердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
- Ертең облыстың кейбір аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай соғуы ықтимал, - деп хабарлады Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметі, - Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан секундына 28 метр жел соғады.
Өскеменде жел жылдамдығы секундына 15-20 метр.
Бұған қоса, 5-7 маусым аралығында ШҚО-да тау суы мен өзендердің су деңгейі көтерілу қаупі бар.