ШҚО-да Ертісте ер адам суға батып кете жаздады

281
көрілім

Семей қаласының тұрғындары суға батып бара жатқан адамды көріп құтқарушыларға дереу хабар берген. Сәтіне қарай ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Оқиға үшінші маусым күні аспалы көпір аумағында болған.


- ШӨАЖҚЖ қызметкерлері 27 жастағы тұрғынды құтқарды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


ТЖД жыл басынан бері жеті адамның суға кеткенін ескертті. Баспасөз қызметінің айтуынша, бұл келеңсіз оқиғалар суға шомылумен байланысты емес.