ШҚО-да есірткі дайындайтын зертхана жойылды

240
көрілім

Облыс прокуратурасы мен полиция бұл жертөлені бірнеше ай аңдып, бақылаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.        
Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген арнайы операция барысында қылмыстық полиция қызметкерлері жалға алынған жертөледе зертханалық құрал-жабдықтарды тәркіледі. Одан бөлек, аса ірі көлемде сатуға дайын прекурсорлар мен синтетикалық есірткіні табылған.         
- Прокуратура мен полиция бұл жертөлені бірнеше ай аңдып, бақылаған. Сараптамаға сәйкес 1,4 келі мефедрон, 1,6 тонна химиялық сұйықтық алынды. Сөйтіп, 100 келіге жуық синтетикалық есірткі заттарын өндіруге жол берілмеген, - делінген мәліметте.  
Аса ірі көлемдегі есірткіні өткізу мақсатында заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау және өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Прокуратура ақпаратынша, күдікті деп танылған 41 жастағы Өскемен тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.