Тәртіп бұзушы «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер Жаңа Бұқтырма кентінің көшелерін бақылау кезінде иномарка көлігін тоқтатты. Көлікті 35 жастағы ер адам басқарған. Медициналық сараптама оның есірткіге мас күйде екенін көрсетті.
- Сонымен қатар наурыз айында ол жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. Көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған, - деді баспасөз қызметіндегілер.