Қараша айының 29 мен 3 желтоқсан аралығында өңір аумағында есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дармек» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттарды рецептісіз жіберу, сондай-ақ осындай заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактілеріне ерекше назар аударылды.
Осы заттарды өз қызметінде пайдаланатын 19 дәріхана, 12 емдеу мекемесі, 7 кәсіпорын мен ұйым тексерілді. Соған сәйкес ҚР ҚК-нің 303-бабында көзделген құрамында есірткі құралдары бар препараттардың айналымы ережелерін бұзуға жол берген медицина қызметкерлеріне қатысты 3 қылмыс, сондай-ақ Семей дәріханаларының бірінің фармацевті дәрілік препаратты рецептісіз сатқаны бойынша (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар айналымы саласының ережелерін бұзу) ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабына сәйкес 1 құқық бұзушылық анықталды.
Қазіргі уақытта материал ШҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.