Полицейлер күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жедел іздестіру шаралары кезінде тәртіп сақшылары 21 және 18 жастағы қала тұрғындарын «QR-коды» бар хабарландыруларды жапсырып жүрген жерлерінен анықтады. Онда есірткі құралдарын сатып алуға арналған электрондық мекенжайлар көрсетілген.
Анықталғандай, жастар хабарландыруды мессенджер арқылы тауып, онда әр жапсырылған парақша үшін 300 теңге көлемінде төлем жасауға уәделесіпті. Одан бөлек, күдіктілерде жапсырылмаған тағы 8 «хабарландыру» болған.
Қазіргі уақытта осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері құқықбұзушылардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.