ШҚО-да есірткі тобының мүшелері құрықталды

410
көрілім

Есірткі тасымылдаушылар тобы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Өткен жылдың жазында құзіретті орган өкілдері шығыс өңірі мен Алматы байланысындағы әрекет еткен ірі есірткі желісін жою бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді. Бір ай ішінде топтың барлық алты қатысушысы ұсталды. Қазіргі уақытта сот үкімімен олар 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Мұқият астыртын әрекет ете отырып, қылмыскерлер әрдайым жалдамалы пәтерлерді ауыстырып отырған. Есірткімен байланысы бар әр топ мүшесіне жүктелген міндет болған, бірі дозасын өлшеп салумен айналысса, екіншісі жеткізу үшін жауап беріп, тиесілі орындарына апарып қою жұмыстарын атқарған. Тінту барысында сатуға дайын шамамен 10 кг синтетикалық есірткіні тәркіленді, бұл шамамен 100 000 бір реттік дозаға тең.

Қазіргі уақытта олардың барлығы орташа және ең жоғары қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтейтін болады.