ШҚО-да есірткіге тәуелділер дәрілерді рецепсіз алып жүрген

414
көрілім

Жыл басынан бері облыстық Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы дәрі-дәрмекті рецепсіз беру бойынша 16 оқиғаны анықтаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ақыл-естен айыратын әсері бар көп препараттар нашақорлар арасында кең қолданыста. Дәрілер рецептімен шығарылады, алайда фармацевттер бұл ережені кейде сақтамайды.

– Жыл басынан бері рецепсіз сатқан 16 жағдай белгілі. Кінәлілерге 378 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Тағы бір мәрте қайталанса кінәлінің дәрі-дәрмек сату саудасын тоқтатамыз, – дейді мамандар.