6 қараша күні «Жастар рухы» жастар қанатының ШҚО филиалы мен ШҚО ПД нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Акция аясында «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ төрағасы К. Тугамбаева, ШҚО ПД нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Б. Ахметова, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Заңтану кафедрасының оқытушысы, ю.ғ.к. Е.Абиканов учаскелік полиция қызметкерлері Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, «Studentter Uii» студенттік жатақханаларында Есірткінің зияны, интернеттегі алаяқтық, құқық бұзушылық туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Акцияның мақсаты - адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын түсіндіре отырып, саналы, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Қоғамды осы мәселеге бейжай қарамай, қарсы күресуге шақыру