Шығыс Қазақстан облысындағы ҰҚК департаментінің қызметкерлері есірткі айналымымен айналысқан екі қазақстандықты анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
– Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Бейсембаев пен Ережеповты 82 келі есірткі өткізбек болған жерінен ұстады. Сонымен қатар, Ережеповтың гаражында және автокөлігінен тағы 32 келі есірткі мен 855 грамм гашиш тәркіленген, – деді ҰҚК өкілдері.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 115 келі.
20 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Бейсембаев пен Ережепов ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Фотосурет Tengrinews.kz сайтынан