Қыркүйек айының 27 күні Шығыс Қазақстан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 2017 жылға арналған жалпы жоспарының негізінде облыстың аумағындағы алғашқы әскери дайындық пән оқытушылары мен білім бөлімдерінің нұсқаушыларының басын қосқан үш күндік методикалық жиын басталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Аталған жиын облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшылығымен ұйымдастырылып, облыстық білім беру басқармасының, Ұлттық Ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, 27943 әскери бөлім басшылығының, облыстық дене тәрбиесі бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Бірінші күні Ұлттық Ұланға қарасты 5518 әскери бөлімінің мәдениет үйінде облыс аумағындағы жастармен патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізетін ұйымдар мен үйірмелердің атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды. Сондай-ақ облыстық, республикалық «Айбын-2017» жастардың әскери спорт-патриоттық сайыстары қортындыланды.
Жиынның екінші күні қатысушылардың қалалық № 4 орта мектепте сапқа тұрумен басталып, аталған мектептің «Шығыс Ұландары» кадет сыныбының оқушыларының көрсетілімді сабақтарының өткізілуімен сабақтасты. Осы мектептің алғашқы дайындық пәні сыныбы таныстырылып, пән оқытушысының оқу-тәжірибелік құралдары жиынға қатысушыларға бейне көрсетілім арқылы түсіндірілді.
Жоспар бойынша Ахмер кентінде орналасқан 27943 әскери бөліміне саяхат ұйымдастырылып, жиынға қатысушылар жауынгерлердің жалпы тұрмыс-тіршілігі, қару-жарақ, әскери техникалары мен атқаратын әскери қызметтерінің мән-жайлары таныстырылды.
Жас өртсөндірушілер мен құтқарушылар мектебінің оқушыларының алған білімдерінің нәтижелері мен өнерлерін тамашалады.
Екінші күннің жоспарын Әскери техникалық мектеп өмірі мен тыңдаушыларға жасалған жағдайларын көріп, мектептің тыныс-тіршілігімен етене жақын танысумен аяқталды.
Үшінші күні облыстың әр ауданынан келген алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушыларын жұмыс көрсетіліміне қарай марапаттап, алғыс хатпен мадақталды. Білім бөлімінің нұсқаушылары мен алғашқы әскери дайындық мұғалімдері өз ара осы жиыннан алған әскерлерін бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, осындай жиынның жиі-жиі өткізіліп тұруын ұсынды.