2017 жылдың қазан айында жоспарланған Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті және оған қарасты басқармалар мен бөлімдерінің әскери қызметшілері жылдық қорытынды тексерістен өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жылдық қорытынды тексерісте әскери қызметшілердің дайындығын тексеруші алдымен дене шынықтыру мен саптық санатқа баса назар аударды. Әскери қызметшілер өздерінің лауазымдық жұмыстары бойынша біліктіліктерін барлық ынта жігерлерімен дәлелдеп, ойдағыдай тапсырды.
Сонымен қатар, жеке құрамның атыс дайындығына ерекше көңіл бөлінді. Тексеру комиссиясының мүшелері бұл жолғы нәтиже жылдағыдан әлдеқайда жоғары екенін атап өтті.
Жалпы, қорытынды тексерістің нәтижесі сыныптық біліктілікті беру туралы нұсқаулықтың орындалуын айқындап берді. Тексеріс қортындысы әскери қызметшінің біліктілігін жоғарылатуға ынталандырды. Өйткені тапсырған біліктіліктеріне байланысты әскери қызметшілердің айлық жалақысына белгіленген тәртіппен үстемақы қосылады.
Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің басшысы, аға лейтенант Ш.Дюсупова