ШҚО-дағы «Ақ Ниет» мектеп-интернатының тәрбиеленушісі он бес жасар Айым Серікжан есту қабілеті нашар оқушылар мен студенттерге арналған «Абилимпикс» DeafSkills кәсіби шеберліктің екінші республикалық чемпионатына қатысты. Іс-шара «WorldSkills Kazakhstan-2019» жобасы аясында өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Байқау барысында қатысушылар моншақтан бұйымдар жасай білу өнерңн көрсетті.
- Біз Айымды кездейсоқ таңдағанымыз жоқ, - дейді мектеп-интернаттың қосымша білім беру мұғалімі Майнұр Әмірова. - Ол өте дарынды оқушы және қалай жұмыс жасау керектігін біледі. Бисермен жұмыс жасаудың бірнеше техникасын меңгерген.
Нұр-Сұлтан қаласыда өткен байқауға әр облыстан жүздеген қатысушы жиналды.
-Айымның есту қабілеті нашар болғандықтан өпшілік ортасына шығу оған ауыр тиеді, - дейді өз сөзінде мектеп-интернат директоры Светлана Кривицкая. - Ол өте ұялшақ, биязы қыз, содықтан республикалық байқауға қатысу оңай болған жоқ. Бірақ соған қарамастан өнерлі шәкіртіміз тапсырмаларды жоғары сапамен орындап шықты.
Екі күн ішінде Айым арнайы мәШҚОшиненің көмегімен «Абилимпикс» қозғалысының эмблемасын жасап шыққан. Сарапшылар жұмысты «ең жақсы» деп тауып, жерлесіміз бірінші орынды қанжығасына байлады.
- Жеңіс әрине маңызды, бірақ біз үшін Айымның жеңісімен қоса басқа қатысушыларымен араласуы, өзін көрсете білуі де өте маңызды болды, - дейді Светлана Кривицкая. - Республикалық шараға қатысу - бұл өте үлкен жетістік және орайы келгенде айт кетейік, өнерлі оқушырымыздың чемпионатқа қатысуына қаржы бөлген «Казцинк» компаниясына алғысымызды білдіреміз. Өңірдегі осындай ірі компания мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытуға демеушілік жасай білгендері бізді қуантады!