«Казавиаспас» компаниясының қызметкері Артур Габбасов «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Өткен жылдың күзінде авиация командирі Артур Габбасов, ұшқыш Олег Самойлов, фельдшер Татьяна Сергеева және дәрігер-реанимотолог Галина Семенова науқасты алып кету үшін Риддер қаласынан тікұшақпен ұшып шығады.
Өскеменге бара жатқан жолда төтенше жағдай орын алған.
Екінші ұшқыш есін жоғалтып құлап, басқару құралдары мен педальдарын итеріп жібереді. Сол кезде тікұшақтың суға құлау қаупі төнеді.
-Бәрі де әп-сәтте болды, - деп еске алады әуе командирі Артур Габбасов. - Басында мен техниалық жабдықтар істен шыққан екен деп ойладым.
Санавиация қызметкерлері екінші ұшқышты тұрғызуға көмектеседі, сол сәтте әуе командирі тікұшақты бақылауға алып, тез арада қонуға әрекет жасайды.
Артур Габбасовқа «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісін ШҚО ТЖБ табыстады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін екі медицина қызметкерлеріне де осындай төсбелгілер табысталған болатын.