Бүгін Семей қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да облыс бойынша алғаш рет Ресейден Қазақстанға әкелінген көлік тіркелді.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласының тұрғыны Сайрамгүл Карабиева алғашқылардың бірі болып көлігін тіркеген. Ол 2018 жылғы Lada Vesta маркалы автокөлігін тіркеуден өткізді.
– Өз көлігімді уақытша есепке алуды шештім. Барлық қажетті құжаттарды тапсырып, жарты сағат ішінде сары түсті нөмір алдым, – дейді Сайрамгүл Карабиева.
Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпаннан бастап Қазақстанға ЕЭО елдерінен әкелінген көліктерді уақытша тіркеу басталған болатын. Ақпан айында елдегі барлық мамандандырылған ХҚКО демалыссыз жұмыс істейді. Ал жексенбі күні ондағылар көлікті уақытша тіркеуді рәсімдеу қызметін ғана көрсетпек.