ШҚО-да әйелін қорқыту үшін полицияға жалған арыз түсірген ер адам сотталды

639
көрілім
Шығыс Қазақстан облысында әйелін қорқыту үшін полицияға жалған арыз түсірген ер адам сотталды. 
 
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданының тұрғыны полицияға жалған арыз түсіргені үшін 2 жылға бас бостандығын шектелді. Ер адам әйелін қорқыту үшін осындай қадамға барған.
Азамат жұбайымен телефон арқылы жанжалдасып қалған. Отбасындағы автокөліктің иесі болған әйелі оған көлікті жеке мақсаттарына жиі пайдаланатынын айтып сөккен. Соған ашуланған күйеуі ағасына хабарласып, көлікті гаражына жеткізіп беруін өтінді. Кейін полицияға көліктің ұрланғанын хабарлады. 
«Тәртіп сақшылары ер адамға жалған хабар беріп жатса ҚР ҚК-нің 419 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескерткен. Алайда ол мұны елемей, заңға қайшы әрекетін қасақана жалғастырды. Қазіргі уақытта сотталған ШҚО Ұлан аудандық пробация қызметінің есебінде тұр», - делінген ақпаратта.