Ауылдастардың айтуынша, желтоқсан айында осыған қатысты жиын өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлан ауданына қарасты Гагарино ауылының тұрғындары редакцияға қоңырау шалып, WhatsApp чаттарында ауыл атауын өзгерту тақырыбы талқыланып жатқанын жеткізді.
- Желтоқсан айының 11-і күні сағат 10:00-де ауылдық клубта елдімекеннің казіргі атауын өзгертіп, тарихи атауын қайтаруға қатысты жиын өтеді. Сіздерді жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысына қатысуға шақырамыз, - делінген мәліметте.
Көптің сөзінше, ауылдың атауын Жартас деп өзгерту ұсынылып отыр.