Облыс бойынша бір күннің ішінде осындай екі жағдай болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өрт оқиғасының бірі Риддер қаласының Советская көшесінде болған. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түнгі 02.00 шамасында жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан гаражда қоқыс, көлік дөңгелегі мен қосалқы бөлшектер жанып кеткен. Тілсіз жаудың шығу себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Сондай-ақ 25 қараша күні Өскемендегі Индустриальная көшесінде өрт болды. Жеке тұрған гараждың ішкі қаптамасы өртеніп, жалынның біраз бөлігі Chevrolet Nexia көлігіне дейін жеткен. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында автокөлік дер кезінде гараждан шығарылды.