ШҚО-да гемодиализ дертіне шалдыққандар саны жылдан-жылға артып келеді

625
көрілім
Шартты фотосурет.

Өңірімізде гемодиализ дертіне шалдыққандар саны жыл сайын артуда. Бұл жөнінде медицина саласы қызметкерлерінің басын қосқан семинар-кеңес барысында айтылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыста гемодиализ дертіне шалдыққандар саны жыл санап артып келеді, – дейді Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Риза Тәкежанова, – Қазіргі таңда өңірімізде гемодиализ құрылғысының көмегіне жүгінетін 234 науқас бар.

Оның айтуынша, облыс бойынша амбулаториялық гемодиализ қызметін көрсететін төрт мекеме болса, оның үшеуі жекеменшік болып саналады.