Семей қаласындағы Медициналық жедел жәрдем ауруханасында республика бойынша алғашқы жоғары технологиялық кешен пайда болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
JCI талаптарына сәйкес келетін жаңа нысанды ашу сәті еліміздегі үздік нейрохирургтердің бірі Серік Ақшолақовқа бұйырды. Гибридтік ота басқа оталарға қарағанда ыңғайлы.
Алдағы уақытта кешеннің жұмысы үшін арнайы мамандар тобынан жасақталған бригада жылына 3000 отаға дейін жасай алады. Хирургиялық отаға сәйкес бригада құрамында жиырмаға дейін дәрігер бола алады.
Айта кету керек, жоғарысанатты мамандарды даярлау ота орталығын ашудан бұрын ерте басталған. Қазіргі күнде 43 ақ халатты жан оқу курсынан өтті. Келер жылы Семей қаласынан 12 дәрігер өз біліктерін арттыру үшін шет елге жіберіледі деп жоспарлануда.