Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Халық заңгері» республикалық акция бүкіл елде бірыңғай уақытта - 2024 жылғы 30 мамырда сағат 17.00 – 19.00-де өтеді. Акция Өскемен қаласында 2 мекенжай бойынша өткізілмек:
- С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан университетінің әкімшілік корпусы, Қазақстан көшесі 55,
- «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Шәкәрім даңғылы 149/10.
Тұрғындар сот, құқық қорғау, қадағалау органдарының қызметкерлері, адвокаттар, сот орындаушылары, нотариустар және облыс әкімдігінің, қала, аудан әкімдігі бөлімдерінің өкілдерінен кеңес ала алады. Акцияның мақсаты – тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету, халықтың заңгерлік сауаттылығын арттыру.
2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшылар мен шешім қабылдайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам адам кеңес алды. «Халық заңгері» акциясы басталған сәттен бастап бірден өз қажеттілігін көрсетті.