Шығыс Қазақстан облысындағы қоғамдық қор халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосуда.
«Тринта» қоғамдық қоры 2014 жылы құрылған. Қор мүшелері бірқатар бағыт бойынша жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, тұрғындарды тарта отырып, аумақтарды дамыту, жастармен жұмыс істеу, ұлтаралық келісімді нығайту және қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын практикалық iске асыру үшiн ұйымдастырушылық-әдiстемелiк жағдайлар жасау және жергiлiктi деңгейде билiк пен қоғам арасындағы диалогты нығайту жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру, мемлекеттік бағдарламаларды ілгерілету саласында заманауи PR-технологияларды қолдануды дамыту және оқыту сынды жобалар іске асырылған.
«Бұдан бөлек, PR компаниялары мен бұқаралық іс-шараларға қатысатын мамандарға арналған көпсалалы оқыту курсы жүргізілді. Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін де тиісті жұмыс қолға алынған. Біз облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың, ауыл халқының мемлекеттік қолдау әдістері туралы ақпараттануына қатысты талдау да жасаймыз. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе жұмыс істеу деңгейін арттыруға атсалысудамыз», - делінген қор өкілдері таратқан ақпаратта.
Қордың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік гранттар аясында, сондай-ақ халықаралық және қазақстандық қорлардың қолдауымен республикалық және жергілікті жобаларды басқару тәжірибесі бар. Қоғам белсенділері, қалалар мен ауылдардың тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелердің мамандары қорға хабарласып, қажетті ақпарат алып, түрлі жобаларды бірлесе іске асыра алады.