ШҚО-да ғалым өзі оқыған мектепке компьютер сыныбын сыйға тартты

1119
көрілім

Республикалық «Туған жер» акциясы аясында Жарма ауданының Қызылағаш орта мектебіне аталған мектептің түлегі, Республика көлемінде және шетелдерге де танымал, техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Ғалымқайыр Мүтанов келіп қайтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жарма ауданы әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, ғалым мектептің соңғы қоңырауына арнайы келген екен. Салтанатты шараға қатысып, мектеп ұжымына алғысын білдірген Ғалымқайыр Мүтанов өзі білім алған мектепке барлық керекті техникамен жабдықталған компьютерлік сыныпты сыйға тартты.

Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов салтанатты соңғы қоңырау барысында қонаққа алғысын білдіріп, ол кісінің бұл жомарт қадамы көптеген жармалықтарға үлгі болатынын атап өтті.