ШҚО-да ХҚКО мамандары жылдам төлқұжат жасатудың жолын ұсынды

366
көрілім

Егер сіз шетелге жол жүретін болсаңыз, міндетті түрде арнайы төлқұжат жасату қажет. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын қалаған уақытта рәсімдеуге болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл құжатты алу үшін ХҚКО-дағы миграция қызметінің мамандарына келесі құжаттардың бірін ұсынасыз:

  • туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк)

  • ҚР азаматының төлқұжаты (төлқұжат ауыстыратын кезде)

  • жеке куәлiк

  • iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама

  • Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi

  • еркін түрдегі жазбаша өтініш (азаматтың хал актісіне туу туралы, туған жері, ұлты туралы өзгерістерді енгізе отырып айқындамалық деректерді өзгерткен, жоғалған жеке куәлік және (немесе) төлқұжатты қалпына келтіру мәселесі бойынша жүгінген кезде).

Егер балаға төлқұжат рәсімдейтін болсаңыз:

туу туралы куәлік

ата-анасының бірінің жеке куәлігі

❗8 АЕК мөлшеріндегі баж салығын төлеп, өтініш бергеннен кейін құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Аса қажет болған жағдайда қосымша ақы төлеп, оның мерзімін жеделдетуге болады.

Төлқұжат 10 жылға жарамды.