«Азаматтарға арналған үкімет» дайын құжаттарды үйге дейін жеткізу қызметін іске қосты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мамандарының айтуынша, шығысқазақстандықтарға дайын құжаттарын алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ, курьер үй болсын, кеңсе болсын, белгіленген жерге жеткізіп береді.
- Енді Өскемен және Семей қалаларының тұрғындары жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу бойынша құжаттарға, жер учаскелеріне актілерге, апостильденген білім туралы құжаттарға, мұрағаттық анықтамаларға, әскери билеттердің телнұсқаларына және басқа да дайын құжаттарға, барлығы екі жүзге жуық мемлекеттік қызмет түрі бойынша тапсырыс бере алады, - дейді олар.
Бұрын тапсырыс берілген құжат дайын болған сәтте клиент жеткізу сервисін пайдалану ұсынысымен SMS-хабарлама алады. Келіскен жағдайда клиент жеке сілтеме бойынша өтіп, жеткізу мекенжайын толтырады. Одан әрі клиент қала шегінде жеткізу құнын төлеуі қажет – 970 теңге. Курьер поштаны тапсырыс берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жеткізеді.
- Мен жаңалықтың әсіресе, ХҚКО-қа қайта келуге уақыты жоқ клиенттер үшін жағымды екеніне сенімдімін. Орталықтағы қызмет көрсету процесі барынша ыңғайлы болу үшін ғана емес, дайын құжатқа қайта-қайта келмес үшін қосымша қызметтерді жасап жатырмыз. Осыған сәйкес мен барлығына дайын құжаттарды жеткізу бойынша біздің жаңа сервисті қолданып көруді ұсынамын, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Руслан Кибке.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың сәуір айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында дайын құжаттарды жеткізу қызметін іске қосты. Енді қызмет еліміздің барлық өңірлерінде іске қосылады.