ШҚО-да интернет жылдамдығы төмен ауылдарға Starlink желісі орнатылуда

190
көрілім
Фото сурет ашық дереккөзден

Алтай ауданына қарасты бірнеше ауыл 30 мамырдан бастап жоғары жылдамдықты интернет қосылды, - деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі.

Starlink технологияларын қолдану арқылы интернет жылдамдығы 100 Мбит/с дейін артты. Соның арқасында оқытушылар мен студенттер оқуда цифрлық ресурстар мен интернетті шексіз пайдалана алады.

  • Маусым айының басынан бастап Маяк, Соловьево және Шірікқайың ауылдарындағы үш мектеп осы құрылғыға қосылды. Бұл студенттер мен мұғалімдерге ақпараттық білім беру ресурстарының үлкен көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік береді, яғни оқу барысында өте тиімді, - деді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.

Әкімнің айтуынша, басқа мектептермен, оқу орындарымен өзара байланыс күшейеді.

  • Бұл қосымша байланыс пен тәжірибе алмасу деген сөз. Аудан бойынша барлығы 22 мектепте жергілікті желі орнатылады, - деді әкім.

 

Өз тілшіміз