Наурыз айының 24-25-і күндері Шығыс Қазақстан облысында ауыл оқушыларына арналған IQanat республикалық олимпиадасының екінші іріктеу кезеңі өтті. Олимпиадаға облыстың 9 ауданынан 200-ге жуық оқушы қатысты.
IQanat – ауыл балаларын қолдау ниетімен біріккен 100-ден астам қазақстандық кәсіпкер қолдау көрсететін республикалық әлеуметтік-білім беру жобасы. Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған мектеп оқушылары мотивация мен қосымша білім алады, ал жүздеген оқушы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түсуде.
Аталмыш қор 2018 жылдың 5 мамырында құрылды. Олимпиаданың мақсаты – Қазақстандағы ауылдық мектеп оқушыларына олардың таланттарын ашуға және лайықты мүмкіндіктерін табуға көмектесу. Жобаның Шығыс Қазақстан облысы бойынша қамқоршысы - BI Group құрылыс компаниясының басшысы, Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев.
- Шығыстың балаларының Айқанат жобасын қолдайтын және балаларға болашақ үшін тамаша мүмкіндіктер беретін достары да бар. Облысымызда олимпиаданың бірінші туры 2022 жылдың қараша айында өтті. Екінші турдың жеңімпаздары финалға - республикалық слетке қатысуға жолдама иегерлері болады. Финалдың барлық жеңімпаздары дарындылықты дамыту бойынша Қазақстанның ең мықты мектептерінің бірі - IQanat High School of Burabay-да әлеуетті гранттар алады, ал барлық финалистерді Олимпиададан кейінгі сүйемелдеудің 3 жылдық бағдарламасы күтеді, оған ҰБТ-ны сәтті тапсыруға дайындық, үздік қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу, ең бастысы, ауыл оқушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру курстары кіреді: көшбасшылық және IT дағдылары, өзін-өзі ынталандыру, сыни ойлау, функционалдық сауаттылық, - дейді IQanat жобасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша үйлестірушісі Эльвира Еркінбекова.