Өскемен қаласының тәртіп сақшылары жедел алдын алу шаралары барысында синтетикалық есірткі сақтаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
28 жастағы қала тұрғынынан 9 полимерлі пакетке салынған салмағы 6,78 грамм ұнтақ пен түйіршік заттар табылды. Күдіктінің үйін тінту барысында қара түсті лентамен оралған есірткіні ұялы телефонның қорабында сақтаған. Оның жалпы салмағы 411 грамды құрады.
– Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат ақыл-естен айыратын апирролидиновалерофенон басқаша айтқанда «жылдамдық» деп аталатын есірткі болып шықты. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.