Облыс коменданты алкоголь өнімдерін сатудың жаңа ережелері туралы хабарлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізде болса, бұған дейін облыс бойынша 19 қаңтар, түнгі сағат 00:00-ге дейін созылатын төтенше жағдай кезінде алкоголь сатуға тыйым салынған болатын.
– 14 қаңтардан бастап сауда объектілерінде алкоголь өнімдері жұмыс күндері және тек 15:00-ге дейін сатылмақ. Демалыс күндері сатуға тыйым салынады. Бұл ережелер аймақтағы төтенше жағдай режимі жойылғанға дейін қолданылмақ, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
shkoda_ishimdik_satuha_ruksat_berildi
59