Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкімен алдын ала жасалған келісімшартқа сәйкес 9,6 млрд. теңге сомаға қала арасында қатынайтын қоғамдық көліктер жаңартылады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сүйене отырып.
Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме жасалып жатыр екен. Бұл жоба аясында Өскемен қаласына — 115, Семей қаласына — 85 жаңа автобус алынбақ.
— Жалпы алғанда екі қаланың автобус парктеріндегі автобустар 30-40 пайызға жаңарады, — деді Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев ШҚО әкімдігінің отырысында.
Оның айтуынша, автобустар мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы гидравикалық көтергіштермен жабдықталмақ.