Республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпалы жалғасуына байланысты елдің тек батысында ғана жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде – тұман, оңтүстік-шығыс, батыс өңірлерде екпінді жел болжанады.
Атап айтқанда, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23 м/с артады деп болжануда.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында – қалың тұман, күндіз Қостанай облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.