Ит-құс былтыр бірнеше аудан аумағында алаңсыз жортып, тұрғындар олардың санын реттеу бойынша дабыл қаққан еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әсіресе, Тарбағатай, Зайсан, Катонқарағай және Самар аудандарынан жиі шағым түсті. Төрт түлікке тісін батырып, елдімекен шетіне жиі келген. Соңында оларды атуға рұқсат сұрады.
– Ел аумағы бойынша 2024 жылға қасқыр мен шибөрі аулау лимиті бекітілді. Соған сәйкес ұлыманың санын реттеу үшін биыл 442 қасқыр атуға рұқсат берілмек, – деді облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы жануарлар әлемі бөлімінің басшысы Самат Дидахметов.
Қазір жаңа ережеге сәйкес, санын реттеуге жататын жануарлар түрін атуға рұқсат беру төңірегінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Электрондық сандық қолтаңба бойынша қол қойылған өтінім сол күйі веб-порталға жіберіледі. Жалпы, қақсыр атамын деген адамда ең алдымен оған рұқсат қағаз болуы кере