Бұл туралы нақты ақпарат облыс әкімдігінде өткен жиын кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының деректеріне сәйкес өңірде зейнеткерлік жасқа толған адамдар мен ардагерлер саны 136 861 адамды құрайды, оның ішінде:
- 14 ҰОС қатысушысы мен мүгедектері;
- 362 ардагер (тыл еңбеккерлері, блокадалар, тұтқындар, жесірлер);
- 5010 наградталмаған тыл еңбеккерлері;
- Жасы бойынша 131 475 зейнеткер.
ҰОС жеңісінің 79 жылдығын мерекелеу қарсаңында осы жылы 5 386 адамға 307,7 млн. теңгеге біржолғы төлемдер көзделген, оның ішінде:
- ҰОС 14 қатысушысы мен мүгедектеріне - 1,5 млн. теңгеден 21 млн. теңге;
- 362 ардагерге (тыл еңбеккерлеріне, блокадашыларға, тұтқындарға, жесірлерге) - 100 мың теңгеден, 36,2 млн. теңге;
- 5010 наградталмаған тыл еңбеккерлеріне - 50 мың теңгеден 250,5 млн. теңге.
Төлемдер 2024 жылғы 9 мамырға дейін жүргізіледі.
Әділхан ЕСІМХАНОВ