Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Осыған байланысты мамандар облыс тұрғындарын көктемде қар көшкіні жүруі мүмкін аудандардан өткенде барынша сақ болып, таулы жерлерге барудан бас тартуын сұрайды.