Республика аумағының басым бөлігінде ауа райы Об шығанағы аймағынан келетін циклонға байланысты болып, елде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Мамандар болжамынша, күндіз ШҚО-ның кей жерлерінде қар жауады. Кей аумақтарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді, тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.
Республиканың бірқатар өңірлерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ болады.
Солтүстік және шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын көтеріледі деп күтілуде. Тек оңтүстік-шығыста антициклон ықпалынан жауын-шашын болмайды.