ШҚО-да қараша айынан бастап бірқатар балық түрлерін аулауға тыйым салмақ

395
көрілім

Сиг тұқымдастарының уылдырық шашу уақытына байланысты оларды аулауға әзірге тыйым салынбақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында сиг тұқымдастарының уылдырық шашу мерзімімен байланысты Зайсан, Бұқтырма, Өскемен су қоймаларында, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейінгі және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі аумақта аталған балық түрін аулауға тыйым салынады» деп хабарлады АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысы.

Облыстағы су қоймаларында мекен ететін сиг тұқымдастарына рипус және пелядь балығы жатады.