Өрт жалыны алдымен моншадан шығып, кейін тұрғын үйді шарпыған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Оқиға 4 қазан күні Алтай ауданындағы Парыгино ауылында орналасқан «Лад» мекемесінде болды. Алғашқы болып байқаған пансионат қызметкері моншадан шыққан қалың түтінді көрген.
– Өрт туралы хабар сағат 10:14-те келіп түсті. Құтқарушылар жұмыс орнының қызметкерлерімен бірге 18 зейнеткерді алып шықты. Олардың төртеуі өздігінен жүре алмайтын қарт адамдар, – деді Алтай қалалық өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары Ахмет Сайляубаев.
Өрттің жалпы аумағы 302 шаршы метрді құрады.
Пансионат қожайыны Евгений Косихинның айтуынша, маңыздысы сол ешкім зардап шеккен жоқ. Шығын көлемі ауқымды, дегенмен босаңсуға болмайды. Бұл жағдайда мүсәпір халдегі қарттар баспанасыз қалды.