ШҚО-да қашықтан жұмыс істегендердің еңбекақысы сақталады

355
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында қашықтан жұмыс істегендердің жалақысы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты үйде каратинде отырған қызметкерлер жұмыс орнына уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алып баруы тиіс. Сонда оларға әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Бұл туралы ШҚО Ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлім етті.
- Уақытша еңбекке жарамсыз деп танылған азаматтарға ҚР заңнамасына сәйкес 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады. Биылдан бастап 1 АЕК көлемі 2651 теңгені құрайды. Ал 15 АЕК мөлшері 39765 теңге, - деді ол. 
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде түрлі мекемелерде жұмыс уақытына өзгерістер енгізілуде. Алайда соған қарамастан қашықтан еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жалақысы толық сақталуы тиіс.
- Әрбір мекеменің басшысы қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік болса, осы режимге ауысуы керек. Бұл Еңбек кодексіне сәйкес реттеледі, - деді Бақытбек Қизатов.