Атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында-бұршақ, дауыл, түнде солтүстік-батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-23 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында бұршақ жаууы ықтимал, түнде солтүстікте, шығыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында 15-23 м/с жел тұрып, күндіз дауыл соғып, бірқатар аудандарда ауа температурасы +38 градусқа жетеді деп болжануда.