Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан, құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында, Палодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.
Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстарында, Атырау, Түркістан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде Ақмола облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады деп болжауда.