«Қазгидромет» РМК-сы мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстанның қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады
Күндіз Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау, Абай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
shkoda_katty_ystyk_kutiledi_8
59