Шілденің 5-сі күні өңірде дауылды ескерту жарияланады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– «Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына сүйенсек, өңірдің солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, солтүстік- шығысы мен орталығында бұршақ аралас дауыл күтіледі. Сондай-ақ аймақтың кей бөлігінде найзағай ойнауы мүмкін, – делінген мәліметте.
Желдің екпіні секундына 25 метрге жетуі мүмкін.
 
                            
 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                        
 
                             
                             
                                 
                                     
                                     