Бүгін республиканың барлық өңірінде желдің күшеюі мен жаңбыр жаууы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидометке» сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында желдің екпіні 25-28 м/с күшейеді деп күтілуде.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с күшейеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде желдің жылдамдығы 18 м/с артады деп болжануда.