Синоптиктердің болжамынша, өңірдегі бес облыс аумағында аптап ыстық болады. Кей өңірлерде жел екпіні күшейіп, бұршақ жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
29 мамырда еліміздің басым бөлігі жоғары қысым аумағында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде және солтүстік-батысында циклон ықпалынан кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл бұршақ жаууы мүмкін.
СҚО-ның кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.
ШҚО, Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде жел екпіні күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с, кейі өңірлерде 25 м/с жетеді деп күтілуде.