Өңірімізде білім беру деңгейі жоғары аудандар анықталды. Бұл туралы ШҚО Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыған дейін аймақ басшысы Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде аудандық мектептердегі білім беру деңгейінің жоғары екендігін тілге тиек еткен болатын. Бұл ретте облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова білім берудің мектептердегі оқушылар санына да байланысты екендігін жеткізді.
– Қазір аудандарда оқушылар саны да біртіндеп азайып келеді. Мұның білім беру жүйесіне өзіндік ықпалы бар. Мәселен, шалғайдағы елді мекендерде кей сыныптарда 8-10 оқушы болса, қаладағы мектептерде әр сыныпта 20-дан асады. Өткен жылы Көкпекті, Аягөз, Тарбағатай сынды аудандардың 11-сынып оқушылар ҰБТ-дан облыс бойынша ең жоғары балл жинаған болатын. Абай ауданында тіптен, орташа балл 100-ден асып жығылды. Бұл қуантарлық жайт. Десе де 30 баладан гөрі 10 оқушымен жұмыс істеген әлдеқайда жеңіл, – деді жауапты тұлға.
Әділхан ЕСІМХАНОВ