Жеңіл автомобиль мен жүк көлігі соқтығысу салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Көкпекті ауылынан үш шақырым жерде орын алды. Lada Granta жеңіл автомобилінің жүргізушісі жол шетінде тұрған жүк көлігіне соғылған.
- Нәтижесінде жолаушы оқиға орнында, көлік жүргізушісі медициналық орталықта көз жұмды. Үш жолаушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.