ШҚО-да «Қайыршы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

318
көрілім

Полициядан бөлек, жедел-профилактикалық шараға білім беру және тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласының өкілдері қатысады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

16 қарашаға дейін жалғасатын жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты - қайыршылыққа жол бермеу және балалар құқығын қорғау..

-Кәмелетке толмағандардың қайыршылық жасау фактілері анықталған кезде полиция қызметкерлері кезбе балаларды бейімдеу орталықтарына орналастырады, ал ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деп түсіндірді ШҚО-ның баспасөз қызметі. - Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтарды Қазақстан аумағынан шығару жөнінде шаралар қабылданады.