ШҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды

491
көрілім

ШҚО-да бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуда үлес қосқан бірқатар азаматтар «Достық үйіне 25 жыл» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Құрметке лайық болған ҚХА мүшелеріне төсбелгіні облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова табыс етіп, өз тілегін білдірді.

25 жыл ішінде облыста ұлтаралық татулықты нығайтып, ауызбіршілікті насихаттағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын, – деді ол, – Қазақстандағы алғашқы Достық үйінің қабырғасын қалап, жастарды баулып, елге қызмет еттіңіздер. Бір шаңырақ астына жиналған халқымыздың ертеңі болған жастарға үлгі беріп келесіздер.

Шара барысында бірқатар ҚХА, этномәдени бірлестік мүшелеріне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты мен «Достық үйіне 25 жыл» мерекелік төсбелгісі табысталды.

Айта кетсек, жуықта Шығыс Қазақстанда «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» өзінің 25 жылдық мерейтойын қарсы алды. Шара барысында облыс әкімі Даниал Ахметов этомәдени бірлестік ұжымдарын мерейтойымен құттықтап, сыйлыққа Металлургтер мәдениет үйінің ғимаратын табыс еткен.